Тұңғышбай Жаманқұлов шартты түрде жазалануы мүмкін
Бүгін Алматыда экранға шықпай қалған «Феникс» фильміне бөлінген қаржыны жымқырды деп айыпталғандарға қатысты сотта жарыссөз басталды, деп хабарлайды КТК арнасы.
Мемлекеттік айыптаушы Жаманқұловқа 7 жарым жыл сұрағанымен, оны амнистия бойынша 3 жыл 9 айға қысқартуды өтінді. Әрі Халық әртісінің жасы ескеріліп, бұл жазаның өзіне шартты түрде кескен жөн деді. Ақшасы талан-таражға түскен фильмнің режиссері Талғат Жәнібековтің де осындай жазамен құтылатын түрі бар. Прокурор оған шартты түрде 6 жыл кесуді сұраған. Ал Тұңғышбай Жаманқұловтың өзі бүгінгі жарыссөзде тағылған айыпты мойындамайтынын жеткізді. «Феникс» фильміне бөлінген қаржының жымқырылуына қатысты сотта 9 адам жауап беріп жатыр. Олар 69 миллион теңгені қалталарына басқан көрінеді. Сотталушылар бұл қаржының 12 миллионын қайтарыпты.
Жіберіп алмаңыз:
Мұрат Қожаның бұрынғы жары үш қызымен қалай күн көріп жүргенін айтты
Ерке Есмахан бұрынғы күйеуінің ұлына алимент төлемейтінін айтты
Гүлзира Айдарбекова: Димаш Қайрат сияқты бола алмайды
Мейрамбек Беспаев келіншегінің өзіне ұнайтын қасиеті туралы айтты