“Тұңғыш қызынан аумайды”: Алтынай Жорабаева 23 жыл бұрынғы суретін көрсетті
Өзгелер 10 жыл бұрынғы суретін іздеп әлекке түскенде Алтынай Жорабаева 23 жылға бір-ақ шегінді. Өнер иесі 1996 жылы түскен суретін жариялап, желіде қызу талқыға түсті, деп жазады Stan.kz.
“Әлі сол причёска ма, сөйтсе. Құдай-ау, 1 курсты тәмәмдап жатқан кез, тіпті помада жағуды да қатырмаған екенмін ғой”, – деп пікірімен бөлісті әнші.
Желі қолданушылары әншінің жас кезде табиғи сұлу әрі қарапайым болғанын атап өтті. Ал екінші суреттен көпшілік Жорабаеваның блефоропластика жасатқанын байқады. Сондай-ақ, желі қолданушылары әншінің жас күнгі суретін көріп, қыздарының анасына ұқсағанын атап өтті. Әсіресе, тұңғышыңыз Аяулым өзіңізден аумайды екен, десті жұрт.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”