Жас қыздың туыстары оған ғашық болған жігітті тірідей көміп тастамақ болды
Тәжікстанда қыздың туыстары оған ғашық жігітті ұрып-соғып, тірідей көміп тастамақ болды. Артынша жігіт өзіне қол жұмсаған.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ca-news.org басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Турсунзаде қаласының маңындағы елді-мекенде 23 жастағы жігіт көрші ауылда тұратын қызға ғашық болып қалған. Артынша қыз жігітті түнгі кездесуге шақырыпты.
Алайда қыздың әкесі мен ағалары ғашықтардың үстінен түскен. Олар жігітті арматурамен ұрып-соғады. Мұнан кейін жерді қазып, шұңқырға жігітті лақтырып, мойнына дейін көміп тастапты.
Ер адамдар одан қызға үйленуін талап етіп, келіспеген жағдайда тірідей көметіндерін айтып қорқытқан.
Өз өмірі үшін қорыққан жігіт үйленуге келісімін береді. Алайда үйіне қайтып келгеннен кейін асылып қалған.
Қазіргі уақытта тергеу органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”