AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Туған әпкемнің ауруы намаз оқуыма себеп болды - Құрмаш Махан

Әнші, композитор Құрмаш Махан дін жолына қалай келгенін әңгімеледі. Айтуынша, бес уақыт намаз оқуына әпкесінің дерті себеп болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Нартай Аралбайұлының YouTube арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Айтуынша, 1992 жылы ол әскерден оралғанда отбасы мүшелері түгелдей намазға жығылған. 

"Туған әпкем бала кезінен аурушаң болды. Қайта-қайта емханаға жата беретін, әке-шешем әбден қиналды. Біреулер ол "психологиялық ауру" деді. Ол кезде емші-тәуіп деген бірең-сараң, сондайларды аралаған кездері болды. Әсіресе анамның баспаған тауы қалмады. Сондай кезеңдер менің де көз алдымнан өтті. Әпкем үшін менің де жүрегім ауыратын. 

Мен есейіп, мектеп бітіріп, әскерге кететін кезде әпкем өзі кірісіп, соның жауабын іздей бастаған. “Неге ол ауырады? Неге ондай нәрселер оның басынан өтіп жатыр?” деген сауалдардың жауабын білу үшін... Мен әскерден келгенде үйдегілердің бәрі намазға жығылған. Әпкем бәрімізден бұрын Аллаға құлшылық адамның ең бірінші парызы екенін түсінді. Бәріміздің дұрыс жолға келуімізге себепші болды. Құдай өзін қалаған құлын дұрыс жолға саламын десе, салады. 



Оның өзінде, мен дұрыс жолда келе жатырмын деп айта алмаймын. Бірақ дұрыс жолдағы Алланың парыздары мен сүннеттерін орындауға тырысып жүрген пенделерінің бірімін", – деп түсіндірді Құрмаш Махан. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр