Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трансплантациямен заңсыз айналысты деп айыпталған қазақстандық хирург түрмеде адам өмірін сақтап қалған

Адам ағзаларын заңсыз алды деп айыпталып, 2 жылға 6 айға сотталған белгілі хирург-трансплантолог Ғани Құттымұратов Курсивке берген сұхбатында түрмеде отырып адам өмірін құтқарып қалғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Сот үкімі шығып, тергеу изоляторына әкетіп бара жатқан жолда Ғани Құттымұратов өз ережесі мен өз әлемі бар адамдарың ортасына түсетінін және сол өмірге бейімделуге мәжбүр болатынын ойлаған.

“Бойымда қорқыныш болды. Енді не, қалай болатынын білмедім. Ол жерге түссем егде жастағы, өздері бағынатын ережесі бар қылмыскерлермен кездесемін деп ойлайтынмын. Бірақ олардың көргенде таңғалдым. Қарапайым адамдар. Олардың көбі жастар еді. Түрмеде отырып сондағы адамдарға консультация жүргізіп, көмектесетінмін”, – дейді дәрігер.



Тіпті трансплантолог сондағы тұтқындардың бірін аман алып қалған.

“Бір сотталушының өмірін сақтап қалған кезім болды. 10-15 минуттың ішінде адамның өліп кетуі мүмкін еді. Хурург ретінде менің көмектесуімді сұрады. Көмектестім. Қазір ол адам аман-есен. Жағдайы жақсарған соң мені құшақтап, “менің құтқарушым” деген еді. Айтқым келгені, түрмеде болсам да жұмысымды тоқтатқан емеспін”, – дейді  Ғани Құттымұратов қамаудағы кезін еске алып. 

Ғани Құттымұратов - медицина ғылымдарының докторы PhD, "Болашақ" стипендиаты, 2005-2008 жылдар аралығында. 2011-2013 жылдары Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас трансплантологы, жоғары санатты дәрігер-трансплантолог.

Дәрігер мәйіт донорынан жүрек пен бүйрек алынып, 2012 жылы Қазақстанда алғаш рет жүрек трансплантациясы жүргізілген кезде Нұр-Сұлтанда органдарды алуды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысқан.

Ол алғашында, адам органдарын заңсыз трансплантациялады деп айыпталып, кейін кінәсіз екені анықталды. Алайда 2020 жылы қарашада Ғани Құттымұратов жүргізген трансплантация операциясының нәтижесінде науқас АИТВ жұқтырды, яғни өз міндеттерін тиісінше орындамады деп айыпталып, 2 жылға 6 айға бас бостандығынан айырылған еді.

Талқылау