Трамп Үндістанға Ресейден энергия ресурстары мен әскери техника сатып алғаны үшін "айыппұл" салынатынын мәлімдеді
Фото: ЕРА
Трамп Үндістанға 25% кедендік баж салығы енгізіп, ресейлік мұнай сатып алғаны үшін "айыппұл" салатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Трамп жаңа тариф 1 тамыздан бастап енгізілетінін мәлімдеді.
"Үндістан – біздің досымыз болғанымен, біз көп жылдар бойы онымен салыстырмалы түрде аз сауда жасадық. Себебі Үндістанда әлемдегі ең жоғарғы тарифтер қарастырылған. Оған қоса, оларда сауда кедергілері өте көп әрі қатаң. Сонымен қатар, олар әскери техникасының көп бөлігін Ресейден сатып алып келген және Қытаймен бірге ресейлік энергетикалық ресурстардың ең ірі сатып алушысы болып табылады. Ресей Украинада адам өлтіруін жалғастырып жатса да, сауда қатынасы үзілмеген. Сондықтан, Үндістанға 1 тамыздан бастап жоғарыда айтылған жағдайлар үшін 25% тариф енгізіліп, қосымша айыппұл салынады”, – деп жазды Трамп.
Трамп Барак Обаманы 2016 жылғы сайлауда алаяқтық жасады деп айыптады
Таиланд пен Камбоджа қақтығысты уақытша тоқтатты: Трамп екі елді татуластырмақ
Еске салсақ, Трамп Ресейге Украинамен соғысты тоқтатуға 10 күн уақыт берген еді.