Трамп Ресейге Украинамен соғысты тоқтатуға 10 күн уақыт берді
Фото: Reuters
АҚШ президенті Дональд Трамп Украинамен бейбіт келісімге келмесе Ресейге қатысты 10 күн ішінде баж салығы мен өзге де шараларды енгізетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
“Сейсенбіден бастап 10 күн. Бұл Ресейге әсер ете ме, білмеймін, себебі ол (Путин) соғысты жалғастырғысы келетін сияқты”, – деді Дональд Трамп.
АҚШ президентінің айтуынша, ол Ресейден өз ұсыныстарына жауап алмаған.
Журналистермен әңгімесінде Трамп Ресейге қарсы санкциялардың мұнай нарығына немесе бағаға ықтимал әсеріне алаңдамайтынын айтты. Оның айтуынша, АҚШ ел ішінде мұнай өндіруді арттыру арқылы кез келген салдарды өтей алады.
Тоқаев Трамптың Қазақстан тауарларына салық салу туралы хатына жауап жіберді
Трамп Путин мен Си Цзиньпинге Мәскеу мен Бейжіңді бомбалап тастайтынын айтып сес көрсеткен – БАҚ
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығыста 50 күн ішінде бейбіт келісімге қол жеткізілмесе, Ресей мен оның сауда серіктестеріне қарсы 100 пайыздық тариф енгізілетінін мәлімдеген еді. Бұл туралы ол 14 шілде күні Ақ үйде НАТО Бас хатшысы Марк Рюттемен кездесуі барысында хабарлады.
Бұған қоса, Трамп Украинаға миллиардтаған доллардың әскери техникасы берілетінін мәлімдеді.