Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трамп Орталық Азия елдерінің басшыларын Вашингтондағы саммитке шақырды

тоқаев трамп

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

АҚШ президенті Дональд Трамп 6 қарашада Орталық Азияның бес мемлекетінің көшбасшыларымен кездеседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақ үй өкілдері ықтимал кездесуге қатысты ресми ақпарат бермеді. Десе де Тоқаевтың баспасөз қызметі президенттің АҚШ президенті Дональд Трампқа шақырту үшін алғыс хат жолдағанын мәлімдеді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау Өзбекстанның ресми өкілдерімен кездесуден кейін, Шавкат Мирзиёевтің келесі аптада Вашингтонда Трамппен жүздесетінін айтты.


"Бір аптада тоқтатуы тиіс соғысты төрт жылға созды": Трамп Путиннің ядролық зымыран сынағын сынға алды


Трамп ірі Binance криптобиржасының негізін қалаушы Чанпэн Чжаоға рақымшылық жариялады


Ландаудың сөзінше, бұл сапар “көшбасшылардың сәтті кездесуі жолындағы маңызды қадам бола алады”. Ол бұл туралы X әлеуметтік желісінде жазды.

Осы аптада Дональд Трамп Азияға сапармен барып, АСЕАН саммитіне қатысты. Бейсенбі күні ол Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін Путин Трамптың Будапештте кездесуден бас тартуына қатысты пікір білдіргені туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 29 Қазан, 2025 16:09
Талқылау