Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трамп: "Израиль менің талаптарымды қабылдады, ендігі кезек ХАМАС-та"

Трамп:

Фото: Rod Lamkey/CNP/Globallookpress

АҚШ президенті Дональд Трамп ХАМАС тобы оның бітімге келу туралы ұсынысын қабылдау керегін айтып, “соңғы ескерту” жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Трамп 7 қыркүйек күні Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазба жариялады. Ақүйдің мәліметінше, Израиль Трмаптың шарттарымен келіскен. 

“Бәрі кепілдегі адамадардың қайтып оралғанын қалайды. Барлығы соғыс бітсе екен дейді. Бұл ХАМАС өкілдеріне соңғы ескерту”, – деп жазды Америка президенті.

Телеарнаның хабарлауынша, АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф ХАМАС-қа ұсынысты жексенбі күні жолдаған.

Онда Вашингтон Израильдің әскери операциясын тоқтатуға кепілдік беретіні, ал оның орнына барлық тұтқындарды дереу босатуды талап ететіні айтылған. Өз кезегінде Израиль билігі түрмелерден шамамен үш мың палестиналықты босатуға келіскен.

Қазір Газада 48 тұтқын бар, бірақ олардың шамамен 20-сы ғана тірі болуы мүмкін.

Трамп ХАМАС-қа ультиматумды алғаш рет қойып отырған жоқ. Наурыз айында ол қозғалыс өкілдеріне осындай “соңғы ескерту” жасаған. Вашингтонның пікірінше, соңғы ұсыныс созылып кеткен қақтығысты аяқтауға тиіс.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 08 Қыркүйек, 2025 08:41
Талқылау