Инфляция қазақстандықтардың табысын жеп жатыр – Тоқаев
Фото: stan.kz
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына кезекті Жолдауы барысында инфляцияның халық табысын "жеп қоятынын" мәлімдеп, нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Бұл мәселенің дайын шешімі жоқ. Онымен көптеген мемлекеттер бетпе-бет келіп отыр және ол, шын мәнінде, әмбебап сипатқа ие, алайда біздің жағдайымызда ерекше өткір сипат алды. Бұл макроэкономикалық тұйық шеңберден шығу керек. Қайта туындайтын қиындықтарды еңсеру үшін алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибені ескеріп, сондай-ақ танымал емес шаралар үшін жауапкершілікті қабылдауға дайын болу керек.
Үкімет пен Ұлттық банк біртұтас команда ретінде әрекет етуге тиіс, өйткені жағдайдың күрделілігін ескерсек, бұл – жалпымемлекеттік міндет. Қазір арқан тартумен айналысатын уақыт емес", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Талқылау
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді
Отандасымыз жат жерде жүрсе де қазақ елінің дәстүрі мен құндылықтарын күнделікті өмірде сақтауға тырысып жүргенін жеткізді
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”