Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трамп АҚШ-та украиналық босқын қызды өлтірген ер адамды өлім жазасына кесуді талап етті

Фото: Reuters

Трамп АҚШ-та украиналық босқын Ирина Заруцкаяны өлтірген ер адамды өлім жазасына кесуді талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы АҚШ президенті өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында. Дональд Трамп күдіктіні "жануар" деп атап, сот шешімін жедел шығару керек екенін атап өтті. 

“АҚШ-қа бейбітшілік пен қауіпсіздік іздеп келген украиналық әдемі жас қызды аяусыз өлтірген жануарға қатысты сот процесі “жедел” жүргізіліп, тек өлім жазасы тағайындалуы керек. Басқа нұсқа жоқ" – деп жазды Трамп.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-та украиналық босқын қыздың өлімі елді дүр сілкіндіргені туралы жазған едік. 23 жастағы украиналық Ирина Заруцкая метрода отырған кезде оған артынан ер адам шабуыл жасап, бірнеше рет пышақ сұққан. Қыз оқиға орнында қаза тапты. АҚШ халқы судьяларды айыптап, 14 рет қылмыс жасаған ер адамның не себепті қайта-қайта бостандыққа шыға бергеніне таңғалды. Трамп бұл мәселеге пікір білдіріп, сот төрағаларының жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 10 Қыркүйек, 2025 20:29
Талқылау