Трамп АҚШ-қа қабылданатын босқындардың санын 7 500 адамға дейін қысқартты, оның басым бөлігі ақ нәсілділерге берілмек
 Фото: Chip Somodevilla/Getty Images/File
Фото: Chip Somodevilla/Getty Images/File
Америка билігі келесі жылы АҚШ-қа қабылданатын босқындардың санын 7500 адам деңгейінде белгілемек. Мәліметке сәйкес, квотаның көп бөлігі Оңтүстік Африкадан келген ақ нәсілді азаматтарға беріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл көрсеткіш бұрынғы жылдармен салыстырғанда едәуір аз. Себебі бұған дейін АҚШ соғыс пен қудалаудан қашқан жүз мыңдаған адамды қабылдап келген еді. Мысалы, өткен жылы Джо Байден әкімшілігі босқындар квотасын 125 мың адам етіп бекітті.
Жаңа ереже туралы ресми хабарлама 30 қазан күні Федералдық реестрде жарияланды. Құжатта квотаны неге қысқартқаны түсіндірілмеген.
Трамп әкімшілігі мигранттарға арнап реалити-шоу жасап, ұтқандарға азаматтық бермек
Келтірілген ресми негіздемеде тек мынадай тұжырым бар: 2026 қаржы жылы 7500 босқынды қабылдау “гуманитарлық себептермен немесе ұлттық мүдделерге сәйкес” деп бағаланған.
Квотаның қысқаруы бірден сынға ұшырады. Босқындарға көмек көрсететін халықаралық ұйым өкілдері Дональд Трамп әкімшілігі “адамдардың қауіпсіздігінен саясатты жоғары қойып отыр” деп мәлімдеді. Сонымен қатар, ұйымтексеруден өткен және нақты көмекті қажет ететін адамдарды қабылдаудан бас тартуды “әділетсіз әрі өрескел” деп атады.
Айта кетейік, бұған дейін Лос-Анджелесте мигранттар наразылыққа шыққан еді. Ал оларды басуға Трамп Ұлттық гвардия әскердерін жіберген.
 
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
