Трамп әкімшілігі мигранттарға арнап реалити-шоу жасап, ұтқандарға азаматтық бермек
Фото: pixabay.com
АҚШ билігі мигранттарға арнап тележоба жасау идеясын талқылап жатыр. Тележобада жеңіске жеткен адам АҚШ азаматтығын алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BILD порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Дональд Трамп әкімшілігі мигранттарға Америка азаматтығын ала алатын реалити-шоу жасау мүмкіндігін қарастырып отыр.
Бағдарламаға қатысушылар өздерінің "нағыз америкалық" екенін дәлелдеуі керек. Тапсырмаларға, мысалы, алтын іздеу немесе ескі Ford көлігін құрастыру кіруі мүмкін. Әр апта сайын бір адам ойыннан шығарылып отырады.
"Бұл мигранттар үшін “аштық ойыны" емес. Біз "жеңілдің қайығына отырып кет" демейміз", – деді реалити-шоу идеясының авторы Роб Уорсоф әзілдеп.
АҚШ ішкі қауіпсіздік департаменті бұл жобаны "патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті сезіндіруге" көмектеседі деп санайды. Реалити-шоудың мақсаты – "Америка азаматтығын алу қандай артықшылық екенін” түсіндіру.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген