Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трамадолды заңсыз сатқандарға қылмыстық жаза қарастырылған - Ішкі істер министрлігі

Ішкі істер министрлігі трамадол препараты есірткі заттарының тізіміне қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Дәріханада сатылатын трамадол психотроптық анальгетик болып саналады. Оны есірткіге тәуелді адамдар эйфорияға түсу үшін қолданып жатады. Енді ондай дәріні тек арнайы лицензиясы бар дәріханалар мен емдеу ұйымдары ғана сатады. Дәрігердің рецепті болуы шарт.

Министрліктің баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, трамадолдың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жаза қарастырылған. Жазаның ауырлығы дәрінің мөлшеріне қарай анықталады.

"0,1 грамға дейін аз мөлшер, 10 грамға дейін ірі, ал одан жоғары аса ірі көлемде болып саналады. Ол үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - деді Тұрлыбек апталық брифингте.

Бұдан бөлек, трамадолды жарнамалағандарға жаза қарастырылған.

Талқылау