Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тозығы жеткен дәстүр: Хамар тайпасының қорқынышты әшекейлері (фото)

Фотограф Омар Ряда эфиопия тайпаларын суретке түсірді. Аталған тайпаның ішінде құлдық заманынан қалған әшекейлерді тағатан кейуаналар бар екен.

3C87E1DC00000578-4159864-image-m-49_1485432188461

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.

Тайпа ішінен аузына платина салып алғандары бірден көзге түседі. Дұрысы, оларды байқамай өтіп кету мүмкін емес. Мұндайды құлдық заманында таққан болатын. Ал фотограф Омо өлкесіне Хамар, Дассанеч, Мурси сынды тайпа адамдарымен кездесу үшін барған екен.

Бағзы замандарда әйелдер өздерін құлдыққа алмас үшін, түрін барынша ұсқынсыз етуге тырысқан. “Мурси тайпасы еріндерінің астына салатын пластиналарымен танымал. Әйелдерге пластина дәл осылай бала күнінен салынады. Өскен сайын әлгі заттың көлемі де ұлғая түседі”, – дейді 32 жастағы Ряда мырза.

3C87E1F400000578-4159864-image-a-54_1485432228715

Таңғажайып суреттер ливандық фотограф Омар Рядаға тиесілі. Бұл тайпаның әйелдері мойындарына түрлі-түсті моншақ таққанды ұнатады. Мұнымен қатар, металлдар да жұрт арасында ерекше сұранысқа ие.

3C87E11C00000578-4159864-One_of_the_women-m-76_1485433126517

“Хамара тайпасы тәндері мен шаштарына саз балшық немесе жануарлардың майын жағады. Мұнымен қатар, неке жүзігі іспеттес мойындарына алқа тағады. Осы алқалар ең экзотикалық әшекей болып есептеледі. Адамдар өздеріне қажетті әшекей бұйымдарды кез келген нәрседен жасап алулары мүмкін”, – дейді Ряда мырза.

3C87E16800000578-4159864-image-m-61_1485432336331

Көптеген ұқсастықтарына қарамастан, аталған үш тайпаның өзіндік ерекшеліктері де жетерлік.

3C87E18500000578-4159864-image-m-66_1485432384412

“Әр тайпаның өмір сүру салты, киімі, тілі мен салт-дәстүрлеріне қатысты ерекшеліктері бар. Олар тау мен тасқа түрлі сурет салуға құмар. Бұл олардың сұлулықты қалай ерекше бағалайтындарын байқатады”, – дейді Рада мырза. Эфиопия – таңғажайыпқа толы мемлекет. Ал халқы дәстүрге, табиғаты көз тартарлық пейзажға бай.


Жіберіп алмаңыз:

Жүктіліктің 23-аптасында туған егіздер таңғажайыптың күшімен аман қалды (фото)

19 млн жігітпен төсектес болуға уәде еткен модель 400 азаматтан кейін шаршап қалған (фото)

Терісі ақ болып туған балалары қара нәсілді аналарын жатсынып жүр (фото)

Түсік тастаған әйелдің сәбиі тіріліп кетті (фото)

Талқылау