Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тойда ысырап жасағандарға 400 мың доллар айыппұл салынды

Тәжікстанда тойда ысырап жасағандарға 400 мың доллар айыппұл салынды. 2017 жылы «Той мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді бірыңғайландыру» заңын бұзғаны үшін 771 азамат жазаланды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

2017 жылы Тәжікстан Республикасының соттары «Той мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді бірыңғайландыру» заңының нормаларын орындамағандары үшін 771 азаматқа 3 млн 349 мың сом көлемінде айыппұл салды.

«Ашық Азия онлайн» өзінің мақаласында отбасылық, мерекелік және кісі өліміне қатысты шараларда қандай нормалардың сақталуы тиіс екені туралы жазған болатын. Артынша аталған нормалар толықтырылып, оларды бұзғандарға арнап арнайы айыппұл көлемі бекітілді.

Мұнымен қатар, «Білім мен бала тәрбиесіне ата-ана жауапкершілігі» туралы заң нормаларын бұзған 10 629 республика азаматына 1 млн 477 мың сом көлемінде айыппұл салынған.

Бұдан өзге, жоғарыда аталған заңды бұзған 5 мың ата-анаға ескерту жасалды.

Тағы оқыңыз:

Дәрігерлер әйелдің ішінен 34 келі ісік алды

Қызықты сауалнама: Шетелдіктер Қазақстанның Туын мүлдем білмейтін болып шықты (видео)

Ғалымдар нағыз сұлу әйелдердің қандай болатынын анықтады

Алло, мен өз балаларымды өлтірдім: Әйелдің қоңырауы полицияны тік тұрғызды (фото)

 

Талқылау