Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Той болмайды": Луина жеке өміріндегі өзгерістер туралы айтып берді

Луина жеке өміріндегі өзгерістер туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Gakkutv арнасына сілтеме жасап.

Той болмайды: Луина жеке өміріндегі өзгерістер туралы айтып берді

Осыдан біраз уақыт бұрын жігіті үйленуге ұсыныс жасаған Луина бұл туралы баяндап берді. Жігіті бейнебаянның түсірілімі кезінен бастап жүзік ұсынғысы келсе де, екеуінің танысқан уақыттары мен клиптің шыққан кезін күткен.

"Жүзік "Самалет" бейнебаянының түсірілімінде Артемда болған. Ол ұсыныс жасағысы келді. Бірақ жасамады. Мейрамханада онымен сөйлесіп отырып, бетіне қарамай қалыппын. Бұрылып қарай бергенімде жүзікті шығарыпты. Бұл романтикалық ұсыныс болмады", - дейді Луина. 

Қазіргі таңда болашақ жарымен шетелде демалып жүрген өнер иесі күндерінің қалай өтіп жатқанын айтып берді. Сонымен қатар, жеке өмірінде едәуір өзгерістер болғанын жеткізген.

"Бұл жастардың қонақ үйі. Балалар жоқ, шаңырақ көтергендер, ғашықтар жүр. Бәрі өзгеріп кеткен, өзіңді керек сезінесің, қорғаның бар. Өзімді қалыңдық сияқты емес, Артемның келіншегі сияқты сезініп жүрмін", - дейді Луина.

Әнші мен жігіті үлкен той жасамауды жөн көрген. Олар шағын ғана некелесу рәсімін жасап, қалған жоспарларын жүзеге асырмақ. 

"Той болмайды. Біз сүйіктіммен бірге шешім қабылдадық. Тек қана салтанатты түрде некемізді қиямыз. Қазіргі таңда жоспар құрып жатырмыз. Әлі нақты шешім қабылдаған жоқпыз", - дейді Луина.  

Талқылау