Төтенше жағдайлар министрлігі комитеті мен департаментінің басшылары пара алды деген күдікпен қамауға алынды
ТЖМ департаментінің және комитетінің басшылары төрт млн теңгеге дейін пара алды деп күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
24 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сот оларға қатысты қандай бұлтартпау шарасына санкция бергенін айтты.
"Биыл 21 шілдеде Астана қаласының ауданаралық тергеу соты ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасына, Шымкент және Жетісу облысы ТЖД бастықтарына қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді", – делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.
Антикор сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқанын атап өтті.
"Басқа да сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасауға қатысқаны тексеріледі. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді", – делінген агенттіктің хабарламасында.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”