Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төтенше жағдайлар департаменті ауа райына байланысты Алматы тұрғындарына ескерту жасады

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті Қазгидрометтің 27 маусымға арналған болжамына сай қала тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

27 маусым күні сынап бағанасы 36 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады. Осыған орай Төтенше жағдай департаменті Алматы тұрғындарын күн сәулесінен қорғануға, барынша серуенге шықпауға шақырды.

“Жүрек-қан тамырлары ауруларынан, гипертониядан зардап шегетіндерге, сондай-ақ инфаркт пен инсульт қаупі бар адамдар үшін бұндай ауа райы қауіпті.  Артериялық гипертониямен ауыратын адамдар қан қысымын үнемі қадағалап отыруы керек. Аптап ыстық бұндай жағдайдағы адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізеді”, –  деді ТЖД баспасөз қызметі.


Қазақстанда жол жүру ережесінде жаңашылдық пайда болады

Талқылау