Төтенше жағдай кезінде бағаны негізсіз өсірген: Қазақстанда "Яндекс.Таксиге" қатысты тексеріс басталды
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин төтенше жағдай кезінде "Яндекс" таксилерінің бағасын негізсіз өсіргені үшін тексеру жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттгі.

Үкімет отырысында ол Бас прокуратураның агенттік қызметкерлерін 102 нарық субъектісін тексеруге, оның ішінде сауда орындарын ұйымдастырушыларды да кірістіргенін айтты.
- Нұр-Сұлтан мен Алматыда такси бағасы шарықтап кетті
- Наразылық акциясын өткізген ақтөбелік такси жүргізушілері "Яндекс. Таксиге" бойкот жариялауға шақырды
"Сенім телефоны арқылы түскен арыз-шағымдар аясында агенттік "Яндекс" такси агрегаторына қатысты экономикалық қызметті үйлестіру дерегі бойынша тексеру жүргізуді тапсырды", – деді монополияға қарсы агенттік басшысы.
Сондай-ақ Серік Жұманғарин ведомствоның хабарламаларды орындамағаны үшін "ЕТС-Тендер" тауар биржасының сауда алаңын ұйымдастырушыны тексеріп жатқанын жеткізді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі