Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тосыннан болды": Төтенше жағдай министрі Перизат Қайраттың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов 1,5 миллиард теңге ақша жымқырды деп күдікке ілінген Перизат Қайраттың ұсталуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Gov.kz/instagram.com/01pk

Министр төтенше жағдай кезінде зардап шеккендерге көмектескен еріктілердің көп болғанын айтады.

“Төтенше жағдай кезінде кімнің шын көңілмен, кімнің қалай көмектескенін аңғарып жататындай болмадық. Біздің міндетіміз гуманитарлық көмекті зардап шеккен аймақтарға жеткізу болды. Бұл міндетті егжей-тегжейлі тексермей-ақ орындадық. Перизат Қайраттың бір жерге жіберілгені есімде жоқ. Бірақ гуманитарлық көмектің діттеген жерге жеткені – факт”, – дейді министр.

Шыңғыс Әрінов Перизат Қайраттың ұсталғаны күтпеген жағдай болғанын айтты.

“Иә, біз үшін тосыннан болған жағдай. Бірақ қазір жедел іс-шаралар жүріп жатыр, мен қалай пікір білдіремін”, – деді Шыңғыс Әрінов.



Еске салайық, редакция Перизат Қайраттың 18 наурызда Газа секторына көмек көрсеткені туралы айтқандары шындыққа сәйкес келмейтінін жазған едік. Шынында, бұл сапарға Рано мен Марго есімді блогерлер қатысып, мұқтаж жандарға көмек көрсеткен. Өздерінің жеке парақшаларында бұл әрекеттерінің дәлелдері болғанына қарамастан, олар Перизаттың өз атынан ақпарат жариялап жатқанын айтып, наразылық білдірді. Олар бірнеше рет Перизаттан бұл посттарды алып тастауды сұрағанымен, блогер бұл әрекетін жалғастыра берген.

Талқылау