Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төсекке таңылған сүйіктісіне 7 жыл қамқор болған жігіт жұбымен бірге Ернар Айдардың клипіне түсті (фото)

Атыраулық Марлен мен Әнелдің оқиғасы көпшілікті елең еткізген еді. 7 жыл бойы сүйген қызы төсекке таңылып жатса да, оның жанынан бір сәтке де алыстап көрмеген Марленді жұрт бүгінгінің батыры дейді.

16464931_188645378280169_1305532176648896512_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Марлен мен Әнелдің оқиғасы туралы былтырғы жылдың тамыз айында жазған болатынбыз. Дәрігерлер “айықпас дертке” шалдықты деген Әнел бір өкпесінен айырылған, ал екінші өкпесі 30 пайызға ғана жұмыс істейді. Кешегі күнге дейін ол тек арнайы құрылғының көмегімен тыныс алып келді. Шын махаббаттың құдіреті шығар, Әнелдің бүгінде беті бері қараған. Оның бар арманы – өзін 7 жыл бағып-қаққан сүйіктісіне тұрмысқа шығып, оны бақытты ету.

Енді, міне елді елең еткізген ғашықтар әнші Ернар Айдардың махаббат тақырыбына арналған клипіне түсті. Бұл туралы Ернардың желідегі парақшасынан белгілі болды.

19624974_227887051054245_7036795738260504576_n

«Суреттегі қос ғашық Марлен мен Әнел менің жаңа бинебаянымның басты кейіпкерлері, жақсы шығып сіздерге ұнайды деген ойдамын. Ал қос ғашыққа келсек өмірде шын мәнінде өте таңғалатын, тамсанатын ғашықтар. Менің тілегім күндерің сөнбесін», – деп жазды Ернар.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш су тасқынынан зардап шеккен қытайлықтарға 14 миллион теңге аударды

“Музарт” тобы қатерлі ісікке шалдыққан балаларды қуантты

Салтанат Бақаева сүйіктісімен бірге Парижде демалып жатыр (фото, видео)

Қырғызстандық тыңдармандар: Осы күнге дейін Қайрат Нұртастай қарапайым әнші көрмедік

 

Талқылау