Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Музарт” тобы қатерлі ісікке шалдыққан балаларды қуантты

“Музарт” тобының мүшелері Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев және Кенжебек Жанәбілов «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында» қатерлі ісік дертіне шалдыққан балалармен кездесіп, керемет көңіл-күй сыйлады.

2667497

Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

“Біз сіздерді жұбатуға сондай-ақ көңілдеріңізді көтеріп, қуаныш сыйлауға келдік. Жаратушымыз сынақты көтере алатын жандарға береді, сондықтан көңілдеріңізді түсірмей, тек жақсы ойлаңыздар”, — деді әңгіме барысында Сәкен Майғазиев.

Орталықта емделіп жатқан бүлдіршіндер арасында өнерлі балалар да бар. Олар келген қонақтарға әндерін айтып, би биледі. Қуанышқа толы өткен отырыстан соң, топ мүшелері барша ықылас білдірген жандармен фотоға түсіп, өз қолтаңбаларын қалдырды.

Тағы да оқыңыз:

Баян Мақсатқызы: Шаршадым. Мен де пендемін ғой

Қайрат Нұртас өнердегі сүйікті ағасымен көптен күткен бейнебаян түсірді

Серік Сәпиев кәсіпқой боксшы Қанат Исламның қазіргі жүрісіне көңілі толмайтынын айтты

Желіде Димаштың белгісіз арумен аймаласқан видеосы пайда болды (видео)

Талқылау