Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш су тасқынынан зардап шеккен қытайлықтарға 14 миллион теңге аударды

Аты әлемді шарлап келген Димаш Құдайберген Қытайдың Хунань елді-мекенінде су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

19765175_207214886469006_4677802641902796800_n

Hunan телеарнасының weibo әлеуметтік парақшасында пайда болған ақпаратқа сүйенсек, Димаш Хунань провинциясындағы су тасқынынан кейін қайта қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып жатқан Mango V қорына 300 мың юань (14 миллион теңге) көлемінде ақша аударған. Димаш аталған провинцияда өткен «Singer» байқауы арқылы әлемге танылғанын атап өтіп, ондағы зардап шеккен халыққа көмек көрсетуді өзінің азаматтық парызы деп санайтынын жеткізген.

Айта кетейік, маусым айының соңында толассыз жауған жауынның кесірінен Хунань проыинциясын су басып қалды. Салдарынан елді-мекен тұрғындарының басым бөлігі үй-күйсіз қалып, ішерге ас таппай отыр. Алапат тасқыннан зардап шеккендерге Қытай билігінен бастап, көптеген танымал адамдар көмек қолын созуда.

Ал Димаш Хунань провинциясына қарасты Чанша қаласында өткен «Singer 2017» байқауында жүлделі екінші орынды қанжығасына байлап, әлемге танылды.

20170703221633

Жіберіп алмаңыз:

“Музарт” тобы қатерлі ісікке шалдыққан балаларды қуантты

Босану кезінде серіктес болған Ерлан ұлы мен сүйіктісін перзентханадан шығарды (фото, видео)

Димашқа еліктеп ән айтып жүрген жанкүйерлер кімдер? (видео)

Босанғанына екі апта болған Шарапова демалыс аймағында шомылып жүр (фото)

Талқылау