Жұрт төсекке таңылған ғашығына 7 жылдан бері қамқорлық көрсетіп жүрген жігітке сүйсінді (фото)

Дүйсенбі, 29 Тамыз , 2016 14:29

Әнел есімді бойжеткен 16 жасында айықпас дертке шалдығып, төсекке таңылған. 7 жыл бойы өмір мен өлімнің арасында жатқан қыздың жанынан сүйіктісі Марлен бір елі ажырамаған. Қос ғашықтың бір-біріне деген адалдығы дүйім жұртты тәнті етті.

“Айықпас дертке шалдықты” дегенімен, дәрігерлер науқасқа нақты диагноз қоя алмаған екен. Бір өкпесінен айырылған Әнелдің екінші өпкесі 30 пайызға ғана жұмыс істеп тұр. Арнайы құрылғының  көмегімен ғана тыныс алатын қыздың сүйіктісі Марленнің  қамқорлығын жұрт ерлікке теңеді. Жеті жыл бойы ғашығының жанынан бір сәтке де алыстап көрмеген жас жігіт күндіз-түні   Әнелге демеу болып, үмітінің өшпеуне көмектесіп келеді.  Марлен сүйіктісінің  салмағы 10 келі шығатын  құрылғысын үнемі көтеріп жүреді.

Желіде қызу талқыланып, көпшілікке ой салған бұл оқиға “Ғибратты әңгімелер” парақшасында жарияланған.

Ауыр отаны бастан кешірген Әнелдің бүгінде денсаулығы жақсы. «Алдымен Аллаға алғыс айтамын» дейтін бойжеткен ел қатарлы жұмыс істеп, сүйгенімен бақытты ғұмыр кешуді армандайды.

Байлық, мансап, атақ-абырой адами қасиеттерден жоғары тұрған бұл заманда мұндай оқиғаны жиі естімейсің. Халықтың қарапайым құлсарылық жігітке “бәрекелдіден” басқа айтары жоқ. 

Бұл оқиға материалдық байлықтан жоғары тұратын  адал сезімнің, шынайы махаббаттың бар екендігіне күмәнмен қарайтын жандарға нақты бір дәлел бола түскендей. Желі қолданушылары Марленнің азаматтығына тамсанып, екі жасқа бақыт тілеумен болды.

“Нағыз азамат!!! Алла бұйыртса 10келі құрылғының орнына 10 келі  сəбиді қолдарыңа көтерерсіңдер Ин ша Алла”, “Алла шипасын берсін, тезірек отау құруларыңа тілектеспін”, “нағыз жігіт”, “мұндай азаматтар жоқ шығар”, – деп жазды оқырмандар.

 

Жіберіп алмаңыз: 

Түрік жігітіне күйеуге шыққан қазақ қызы бақытты екенін айтты

Ақтөбелік сүйіктісін жалаңаш суреттерімен бопсалап, суицидке дейін жеткізген

«Анандидің» қазасына оның сүйіктісі себепкер болуы мүмкін

Тайландта бойжеткен қайтыс болған жігітіне тұрмысқа шықты (фото)

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

31
Комментариев
1 2 3

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар