Төртінші жеңіс: Бибосынов өзбекстандық Олимпиада чемпионы Дусматовты тізе бүктірді
Белградта өтіп жатқан Әлем чемпионатының екінші күнінде қазақстандық қос боксшы жұдырықтасып, жалпы есепте төртінші жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов өзбекстандық қарсыласы Хасанбой Дусматовты жеңді. Ол келесі айналымда үндістандық боксшы Дипакпен жұдырықтасады.
Жарыстың екінші күнінде өнер көрсеткен Нұрқанат Райыс та төрешілер шешімімен жеңіске қол жеткізіп, екінші айналымға жолда алды. 21 жастағы боксшының келесі қарсыласы молдовалық Влад Гаврилыч болады.
Айта кетейік, бұған дейін Әлем чемпионатының алғашқы күнінде кездесу өткізген Серік Теміржанов (57 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) пен Абылайхан Жүсіповтің (67 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) жеңгені туралы хабарлаған едік.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді