Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алтын алуы мүмкін": Сарапшы Қазақстан құрамасындағы медальға үміткер боксшыларды атады

Сарапшы және "Fight Site" порталының журналисі Тэйлор О’Хиггинс Әлем чемпионатына қатысып жатқан Қазақстан құрамасындағы спортшылар жайлы пікір білдіріп, медальға үміткерлерді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

боксшылар

Оның пікірінше, 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Теміртас Жүсіпов алтын медаль үшін тартысқа түсе алады. Алайда бұл жолда өзбекстандық Нодиржон Мирзахмедов кедергі болуы мүмкін. Сарапшы олардың кездесуі ¼ финалда өтеді деп топшылады. 

“Мирзахмедов пен Жүсіпов арасындағы жекпе-жек күтуге тұрарлық. Ал жеңімпаз алтын алуы мүмкін. Жақын қашықтықта өзбекстандық боксшы мықтырақ. Ол финалда Қырғызстан спортшысы Түркбай уулуды жеңеді деп есептеймін. Мен Қазақстанның Сәбитті емес Жүсіповты таңдағанына сәл қапаландым. Жасөспірім болса да, ол соңғы кездесуінде Жүсіповты жеңген еді", - деп жазды О’Хиггинс.

Қазақстан атынан медальға үміткер бола алатын екінші спортшы – Нұрбек Оралбай. Сарапшының ойынша, 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген спортшы медаль алуы ықтимал. 

Айта кетейік, Әлем чемпионатының алғашқы күнінде отандастарымыз Серік Теміржанов пен Абылайхан Жүсіпов жеңіске қол жеткізген еді. Чемпионат Сербияның Белград қаласында өтіп жатыр. 
 

Талқылау