Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төрт жыл бойы бәс тіккен оралдық әкімдік қызметкері жұмысынан босатылды

бәс тігемін деп әкімдік қызметкері қызметінен кеттіФото: novyj-put.net.ua

Төрт жыл бойы әкімдік қызметкері букмекерлік кеңсеге 34 миллион теңгеден астам қаржы аударған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының мәліметіне сенсек, Орал әкімдігінің қызметкері мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзып, букмекерлік кеңсе арқылы құмар ойындарға қатысқан. Бірнеше ай ішінде ол шамамен 971 мың теңге бәс тігіп, ұтылып қалған.

“OLIMPBET” ЖШС мәліметінше, 2021 жылдың 5 маусымы мен 2025 жылдың 22 қаңтары аралығында әкімдік қызметкері өзінің жеке шотына 34 миллион теңгеден астам қаражат аударған. Соның ішінде заңнамаға енгізілген өзгерістер күшіне енгеннен кейін 1,7 миллион теңге салып, соның 971 мың теңгесін ұтылып қалған. Белгілі болған жағдайларға байланысты аталған қызметкер жұмыстан босатылды”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2024 жылғы 9 қыркүйектен бастап президенттің тапсырмасына сәйкес заңнамаға енгізілген өзгерістерге орай мемлекеттік қызметкерлердің құмар ойындарға, соның ішінде онлайн-бәс тігуге қатысуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзу болып саналады.

Орал прокуратурасы осы нормалардың сақталуын тексеріп, әкімдік, мемлекеттік кірістер басқармасы және полиция қызметкерлерінің букмекерлік кеңселер арқылы құмар ойындарға қатысқанын анықтады.

Осылайша, тағы 24 лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза қолданылып, олардың 16-сы қызметінен босатылды.


Қазақстандық біреудің сеніп тапсырған малын 14,5 миллион теңгеге сатып, ақшаны құмар ойынға салып жіберген


500 миллиондық пәтер мен су жаңа көліктер ойнатуда: Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты


 

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде залдарды жалға беріп, ақшасын құмар ойынға тіккен екі директорға сот үкім шығарды. Ақтөбе соты спорт мектептерінің директоры қызметтерін атқарған Мақсат Әуелбаев пен Қайрат Дильмановты соттады. Олар 2022 жылдың қаңтары мен 2024 жылдың шілдесі аралығында пайда тапқан, түскен ақшаны жеке мақсатқа жаратқан.

Айым Атамбаева
Сенбі, 12 Шілде, 2025 12:22
Талқылау