Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Менің әкем бәрібір босатып алады деп айтқан: Алматылық бойжеткенді желі арқылы танысқан жігіт зорлап кетті

Алматылық бойжеткенді әлеуметтік желі арқылы танысқан жігітсымағы зорлап кеткен. Жәбірленуші осыны айтып, полицияға арыз жазған. Бірақ олар күдіктіні ұстауға аса құлшынып отырмағанына алаңдаулы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасыа сілтеп хабарлайды. 

кыз

22 жастағы алматылық бойжеткен қыркүйектің 24-і, түнде болған жайтты әлі қорқынышпен еске алады. Әлеуметтік желі арқылы жігітпен танысып, екі айдай хат-хабар алмасып тұрған. Әбден сенімге кірген соң, онымен кездесуге барғанын айтты. Бірақ желідегі жігітке артылған сенім ақталмаған.  

"Мен тамақтанып болған соң, үйге қайтайық деп ұсыныс жасадым, ол келісті. Парктің сол жағындағы парковкада екеуміз сол жерде сөйлесіп әңгімелесіп отырдық. Меніңше, ол қасындағы адамдардың кетіп қалғанын күтіп отырған сияқты. Соңғы көлік кеткеннен кейін ол мені ұрып жіберді. Мен сені осындай істегім келеді деп айтты. Күшім жеткен жоқ", - дейді жәбірленуші.

Мұнымен іс бітпеген, бойжеткенді үйге апарар жолда тағы да, қалтарысқа тоқтап, арам пиғылын күшпен екінші рет іске асырғанын еске алды. Тіпті төрт мәрте қылқындырды деп отыр.   



"Біз әлі кездесеміз, мен саған арыз жазам деген сәтте "Жоқ, менің әкем осылай екі рет мені шығарып алған. Сен маған ештеңе істей алмайсың" деп айтты. Сыртқа шығып кетті, сол моментте мен қашып кеттім", - деді ол.

Денесі әбден көгала қойдай болған ол, бұл жайтты жақындарынан жасырып жүр. Қазір жұмыстан да шығып кеткен. Бірақ істі бұлай жылы жапқысы жоқ. Сондықтан қоғамдық қордан көмек сұраған.  

"Апта басталғалы дәл осындай төрт жағдай келіп түсті. Сіздерді қызықтырған бойжеткеннің оқиғасына келетін болсақ, күдікті жігіт оны зорлап қана қоймай өлтіргісі келгенін де аңғаруға болады. Полицияға арыз жазылды. Бірақ күдікті әлі еркіндікте жүр", - дейді "Не молчи" қоғамдық қорының негізін қалаушы Дина Смаилова.

Полиция күдіктінің бостандықта жүргенін растады. Құзырлы департамент қазір аталған жағдай бойынша тергеуді бастаған. Арыз түсісімен, күдікті ұсталып жауап алынғанын мәлім етті. Тергеу талаптарына сәйкес өзге ақпараттарды жариялаудан бас тартты.    

"Аталмыш дерек бүгінгі таңда Бостандық аудандық полция басқармасында Қылмыстық кодекстің 120-бабының аясында тергелуде. Сезікті ұсталып жауапкершілікке тартылды. Қылмыстық іс аясында тиісті сараптамалар тағайындалды", - дейді  Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр