Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда тұрғыны: Қайын ағам үйде ешкім жоқта 11 жасар сіңлімді зорлап кетті

Қызылорда тұрғыны Раушан Сайділдаева сіңлісін қайын ағасы зорлағанын айтып, 5 жыл бұрынғы оқиғаның бетін ашты. 2015 жылы қайын ағасының кінәсі дәлелденіп, түрмеге жабылған. Алайда бұл туралы туғандары білмейді. 

Бұл туралы "Кел, татуласайық" бағдарламасында айтылды. 

Раушанның айтуынша, ағасының қызы демалыс кезінде үйіне келіп, балаларын қарауға көмектесіп жүрген. Бүлдіршін қызға ер азаматтың көзі түсіп, тағдырын талқандаған. 

"Мен Шиелінің Сутөбе дейтін ауылына тұрмысқа шықтым. 4 балам бар. Ағамның қызын жаз айында шақырып алатынмын. Ол балаларды қарауға көмектеседі. Бір күні жолдасымның құжаттарын жасау үшін Шиеліге кетіп қалдым. Үйде екі жасар балам мен 8 айлық баламды сіңлім қарап қалды. Сол күні қайын ағам келіп, сіңліме тиіскен екен. Екі баланың көзінше ас үйде зорлаған. Оған дейін де келіп, қыздың төсінен ұстап, тиісіп жүрген екен.Сіңлім қорыққанына маған ешнәрсе айтпады. Кейін үлкен ұлыма "анаң мені үйіме қайтарсын" деп айтып жіберіпті. Сол кезде ғана қандай жағдай болғанын сұрай бастадым", - деді Раушан. 

Жәбірленушінің айтуынша, бастапқыда қайын жұртымен бірген тұрған. Алайда қайын ағасымен шығыспай бөлек шыққанын айтады. 

"Қайын ағам бұл менің әкемнің үйі деп салғыласты. Енем де ішімдік ішетін. "Кездесіп жүрген адамым бар, сол кеп тұрады" деп бізді қуғандай болды. Біз басқа үй сатып алып, сонда тұра бастадық. Сіңлім жаз сайын келетін. Оқу басталғанда қажетті заттарын сатып алып беретін. Қайын ағам үйімізге келіп тұрып оны зорлап кеткен", - деді Раушан. 

Айтуынша, қайын ағасының кінәсі дәлелденіп 20 жылға сотталған. Осыдан соң қайын жұрты мен күйеуі жала жаптың деп араласпй кетіпті. 

"Жала жаптың деп күйеуім менімен араласпады. 4 баламен Қызылордаға келдім. Пәтер жалдап тұрдым. Әпкемнің үш баласы бар. Бәріміз бірге пәтер жалдап тұрып жатырмыз. Өз жұртым не себепті ажырасқанымды да білмейді. Ағам да қызының зорлағанын білмейді. Тек жеңгем ғана естіген. Ешкімге айтпай жылы күйінде жауып қойдық. Алайда мұны бәрі білсе деймін. Туыстарыммен татулассам деймін. Мені күйеуім ұрғаны үшін ажырасты деп ойлайды. Сіңлімнің өзі де бұл жайлы айтуға рұқсат етпеді, бірақ бұлай жауып қоюға болмайды", - деді жәбірленуші. 

Раушан осы уақыт аралығында өзінің де денсаулығы сыр беріп, балаларын әрең асырап-бағып отырғанын айтады. Сіңлісін өз үйінде қараусыз қалдырғанына өзін кінәлі санайды. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр