Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төрт өгей қызын зорлаған педофил өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасынан құтылып кетті

педофил түрмеге қамалды

Фото: Pixabay.com

Павлодарда төрт қызды зорлап келген өгей әкеге үкім шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ер адам 24, 22, 19 жастағы және 15-тегі қыздарды 2015-2017 жылдар аралығында зорлап келген. 

Кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс жабық өтті. 


"Үйде ешкім жоқ кезде тиіскен": Ақтөбе облысында жиенін жылдар бойы зорлап келген екі ағайынды өмір бойына сотталды


Қазақстанда оқушы қызды зорлаған мұғалім өмір бойына бас бостандығынан айырылды


Қазақстанда 12 жастағы қыз өгей әкесіне ренжіп өзін зорлады деп жала жапқан: Енді анасы жазықсыз күйеуін түрмеден босата алмай жүр


Сот ер адамның кінәсі дәлелденгенін айтты. Бірақ 46 жастағы ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылған жоқ. Себебі жаза жақында ғана қатаңдатылды.

“2017 жылғы 11 шілдедегі өзгертулермен Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі “Кәмелетке толмағанды зорлау” бойынша кінәлі деп танылып, оған 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын”, — деп хабарлады Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Нұрлан Айтбаев.

Ер адам 2024 жылдың қарашасында қамауға алынған. Ол сотта өз кінәсін мойындаған жоқ.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 26 Маусым, 2025 16:25
Талқылау