Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төрт қазақстандық блогер 2,2 миллиард теңге табысын жасырып қалған

Фото: Getty Images

Мемлекеттік кірістер комитеті 2,2 миллиард теңге табысын жасырды деген күдікпен төрт қазақстандық блогерді тексеріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мемлекеттік кірістер комитеті қанша блогердің салық органдарының талаптарын орындамағанын айтты.

Айта кетейік, биыл бақылау нәтижесінде мемлекеттік кірістер комитеті 2022–2023 жылдар аралығындағы табыстарын 71,9 миллиард теңгеге төмен көрсеткені үшін 854 блогерге қатысты 1 586 хабарлама әзірлеген еді.

2025 жылдың 4 маусымындағы жағдай бойынша 394 блогер қосымша декларация тапсырып, 11,8 миллиард теңге табысын заңдастырған. Бұл сомадан 0,64 миллиард теңге салық төленген.


"Гүлге тапсырыс беріп, ақшасын төлемеген": Атырауда танымал блогер алаяқтық жасағаны үшін сотталды

Блогерлер жарнама жасап ішкен астарына да салық төлейді – Мемлекеттік кірістер комитеті


"Бүгінге дейін бұрын жіберілген бақылау хабарламаларын орындамау немесе толық орындамау жағдайларына байланысты блогерлерге қатысты салықтық тексерулер тағайындау шаралары жүргізіліп жатыр. Соның ішінде төрт блогерге табысын 2,2 миллиард теңгеге төмен көрсеткені үшін тексеру жүргізу туралы бұйрық шығарылған", – делінген мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін 50 блогер 2,5 миллиард теңге табыс тапқанын растап, салық төлегені туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 11 Маусым, 2025 20:43
Талқылау