Төрехан Сабырхан әлем чемпионатының ең үздік боксшысы атанды
Бокстан жастар арасындағы Қазақстан құрамасының капитаны Төрехан Сабырхан әлем чемпионатының ең үздік боксшысы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының 4 дүркін жеңімпазы Төрехан Сабырхан Черногорияның Будвада қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы ғана атанып қоймай, әлем біріншілігінің ең үздік боксшысы атанды. Тамаша өнерімен талайды тамсандырған Төрехан Сабырхан финалға дейін қарсыластарына еш мүмкіндік бермей ұтты. 67 келі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз алғашқы екі кездесуін айқын ұтып, ширек финалда да өзбекстандық былғары қолғап шеберін айқын ұтса, жартылай финалда қытайлық боксшыны 5:0 есебімен тізе бүктірді. Ал финалда кубалық Дэвид Мануэль Эспиноса Сантояның мысын басты.
Айта кетейік, бұған дейін бокстан Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алғанын жазған едік.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

