Төрехан Сабырхан әлем чемпионатының алтын жүлдесі үшін жұдырықтасады
Бокстан жастар арасындағы Қазақстан құрамасының капитаны Төрехан Сабырхан әлем чемпионатының финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Черногорияның Будвада қаласында жастар арасындағы әлем чемпионатында тамаша өнер көрсетіп жатқан Төрехан Сабырхан финалға жолдама алды. 67 келі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз алғашқы екі кездесуін айқын ұтып, ширек финалда да өзбекстандық былғары қолғап шеберіне еш мүмкіндік бермесе, жартылай финалда қытайлық боксшыны 5:0 есебімен тізе бүктірді. Енді отандасымыз финалда кубалық боксшыға қарсы жұдырықтасады.
Айта кетейік, Төрехан Сабырхан жастар арасындағы Азия чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан

