Соңғы жаңалықтар

Төреғалидің қарындасы: Дәл осындай түсінігі бар жеңгемнің барына шүкір етемін

Ұлы дала баласы Төреғали Төреәлінің қарындасы жеңгесі жайлы жазба қалдырды. Жеңгесін әпкесіндей құрметтеп, аса жақын тартатынын айтқан Фариза көпшілікті сүйсіндірді. 

Бұл туралы Фариза Төреғали желідегі парақшасында жазды.

"Жеңгеме ерекше алғысымды айтқым келеді. Қашанда маған қолдау көрсетіп, көмектесіп жүрген жеңгеме ерекше алғыс айтамын. Ол екеуміз ешқашан ұрысып көрмеппіз. Менің жеңгем емес, туған әпкем секілді. Әрдайым сырымызды айтып отырамыз. Маған ақылшы. Дәл осындай түсінігі мол жеңгем барына шүкіршілік айтамын.

Ағам екеуіңіз әрдайым махаббаттың баянында, бақытты өмір кешіңіздер. Қатты жақсы көремін. Сыйлықтарыңыз үшін көп рахмет", - деп жазды Фариза Төреғали. 


"Сіздер үшін бәрін жасаймын": Төреғалидің қарындасы алғаш рет көпшілікке енесін көрсетті


Айта кетейік, карантин уақытынд мұсылманша некесін қиған Фариза жақында оң босағадан ұзатылып, құтты орнына жайғасты. Үйлену тойы да дүркіреп атап өтілді. Карантин талаптарын сақтамағаны үшін той иелері полиция назарын ілігіп, жауапқа тартылды. 

Кейіннен Фариза Төреғали той суреттерінен естелік жариялап, қызықты оқиғаларын бөлісті. 

"Жүзі жылы екен жеңгеңнің, нұр төгіліп тұр", "Фариза апай Жеңгеңіз екеуіңіз ұксайды екенсіздер, өте әдемі болып тұрсыздар. Бақытты болыңыз!", "Бақытты болыңыздар, өзіңіз де жеңгеңіз секілді ибалы келін болыңыз", "Жеңгеңізден үйренгеніңіз көп шығар", - деп жазды желідегілер.  

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр