"Сіздер үшін бәрін жасаймын": Төреғалидің қарындасы алғаш рет көпшілікке енесін көрсетті

Фариза Төреғали көпшілікке енесін көрсетті. Қайын жұрты жайлы тіс жара бермейтін ол алғаш рет енесі жайлы жазба қалдырды. Екінші анасымен түскен суретін жариялап, көппен таныстырды. 

Бұл туралы Фариза Төреғали желідегі парақшасында жазды. 

"Менің анаммен таныс болыңызар. Бұл кісі өте сабырлы жан. Әрдайым мені қолдап, көмектесіп жүреді. Маған ақылын айтады. Мені өзіне ұқсатады. Құдай қаласа, сіздердің бақыттарыңыз үшін Дархан екеуміз бәрін жасаймыз. 

Екінші фотода беташар. Өзім қатты қобалжып тұрғандықтан түрім әбіріп тұр. Не болып жатқанын түсінбедім. Қатты қорықтым. Бірақ бәрі ойдағыдай өтті", - деді ол.

Айта кетейік, Фариза Төреғали оң босағадан ұзатылып, құтты орнына жайғасты. Дүркіреп тойы өтті. Карантин уақытында той жасаған әншінің отбасы полиция назарына ілікті. Алайда бәрі ойдайғыдай өтті. 

Желідегі жанкүйерлері ақ тілегін айтып, құтты болсын десті.  

Фариза алдағы уақытта той суреттерін көптеп жариялауға уәде берді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр