Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғалидің әйелі көпшілікке алғаш рет өз анасын көрсетті

Төреғалидің жары Толқын Тұрарқызы көпшілікке анасын таныстырды. Ол анасымен бірге түскен суретін жариялады. 

Толқын Тұрарқызы көпшілікке анасын көрсетті. Желідегі парақшасында анасымен бірге түскен суретін жариялады. 

Желі қолданушылары Толқынның анасының да орамал таққан сұлу әйел екенін айтып жатыр. Екеуінің ұқсастығын сөз етті.

"Анаңыз әдемі екен", "Анаңыздан аумай тұрсыз", "Анаңыздың аузынан түскендей", "Қандай әдемі көрініс. Екеуіңіз де орамал тағасыз ба?", - деп жарыса жазды. 

Толқын Тұрарқызы анасы туралы ешнәрсе жазған жоқ. Желі қолданушыларына жүктілікке байланысты емханада жатқанын айтты. 



"Оразаларыңыз қалай өтіп жатыр? Неше жыл қатарынан ауыз бекіте алмай жүргеніме жүктілігім себеп болатын... Биыл да сол себепті ұстай алмадым. Қазіргі уақытта экология, тағамда жеткілікті мөлшерде дәрумендердің болмауы да жүктілікке қатты әсер етеді екен... Аяғым ауыр болғаннан бастап көптеген анализ тапсырып, біраз дәрілер ішіп жатырмын... Алдыңғы балаларымда тіпті жүкті екенімді ұмытып та кететінмін... Ал қазір бәрі керісінше... Есейдік пе екен, әр жастың өзіне тән өзгерістері бар ме екен... Дәл қазіргідей кезімді бұрын бағаламадым ба деймін... Ішімде баламның барын сезінген сайын бұл сәттердің бақыт екенін түсінгендеймін... Аллама сансыз шүкір. 

Дәл қазір жүктілікті сақтау мақсатында емханада жатырмыз.  Аллахым аман-есен ай күніме жетуімді нәсіп етсін. Отбасымның қолдауы, кішкентайларыма дейін алаңдап жатқандарынан көзіме кіршіксіз жас келеді... Соны түсініп жатқан баладан қалай айналмайсың. Дәрігерге дейін сұрап, қайда баруым керек екенін қадағалап жатқан ата-әжесі қамқорлық танытқан сайын, мені осындай отбасымен сүйіншілеген Аллама шексіз шүкірімді айтамын!
Алла баршамызға дені сау, игі ұрпақ нәсіп етсін", - деп жазды Толқын Тұрарқызы.

Талқылау