Төреғали Төреәлі мультфильм түсіруді жоспарлап жүр
Ұлы дала баласы мультфильм түсіруді қолға алуы мүмкін. Бұл туралы әншінің өзі желідегі парақшасында хабарлады.
Төреғали фильм түсіріп, кинематография саласына аз да болса үлесін қосып жүрген сахналасы Қайрат Нұртастан қалмайын деді ме әлде расымен де қазақы мультфильмдердің аздығына алаңдап жүр ме, әзірге белгісіз. Жаңа туындыда Төреғалимен бірге дуэт айтқан әнші Мардан Төлебек бой көрсетуі мүмкін.
«Мультфильм түсірсем қалай болады?» – деп сұрады ол желідегі тыңдармандарынан.
Ұлы дала баласының жанкүйерлері талантты адамның қай салада болмасын бағы жанатынына сенімді.
«Шығарсаңыз әндеріңіз сияқты хит болады», «Өте керемет болар еді, сенде ақындық шеберлік бар емес пе?» «Қолыңнан келсе қонышыңнан бас. Шығара ғой, табыс тілеймін», «Саған бәрі жарасады», «Нұр үстіне нұр болады, халық қуанбаса ренжімесі анық», – деп пікір білдірді олар.
Алайда Ұлы дала баласының бұл ойынан түк шықпайтынын айтқандар да жетерлік.
Жіберіп алмаңыз:
Ұлықпан Жолдасов тағы да келін түсірді (видео)
Қайрат Нұртас романтикалық кешкі асты кім үшін әзірледі?
Майра Ілиясова Мейрамбектің туған күніне оққағарымен бірге келді (фото)