Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали Төреәлі кенже ұлын көрсетіп, жұртты тәнті етті 

Әнші Төреғали Төреәлі отбасымен Дубайда демалуда. Өнер иесі биылғы туған күнін жақындарының ортасында шетелде өткізуді жөн көрген. Бұл жолы демалысқа Төреғалидің ата-анасы мен балалары түгел барған, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төреғали Instagram-дағы парақшасында демалыстың қалай өтіп жатқанын көрсетуде. Күні кеше әнші кенже ұлымен түскен видеосын жариялап, елді тәнті етті. 

"Баршаңызға осындай бақыт бұйырсын ағайын!" – деп жазба қалдырды ол.  

Желі қолданушылары 4 айлық баласын көрсеткен әншінің әрекетін қызу талқыға салды. Бірі – сәбиді көрсетуге ерте деп ескерту жасаса, екіншілері баланың жалаңаш денесіне күн өтіп кетеді деп дабыл қақты. 



Ал ендігі топ әке мен бала арасындағы махаббатқа сүйсініп, ақ тілектерін жаудырды. 

"Ғұмырлы болсын, балапан! Жылатпашы. Киімі жоқ, қорқып тұр ауадан, жаным сол", "Әкең баланы видеоға осылай ашық түсіргеніңді көрсе, жаныңды шығарады ғой, Төреш? Елге көрсеткенге әлі ертерек қой балаң. Тфәй тфәй, балапаның ғұмырлы болсын!", "Күн өтіп кетпесін", "Өмір жасы ұзақ болсын", – деп жазды оқырмандар.

Назгүл Әбушәріпқызы
Сейсенбі, 19 Қазан, 2021 08:30
Талқылау