Төреғали Төреәлі Алматы төрінде дүркіретіп той жасады (видео)
Танымал әнші Төреғали мен келіншегі Толқын Алматы төрінде дүркіретіп үйлену тойларын жасады. Тойға қазақ өнерінің жақсылары мен жайсаңдары түгел жиналды.

Әнші өз тойына өзі кешігіп келіп, салтанатты шара кешігіп басталған.
Ал біз назарларыңызға эстрада жұлдызының тойынан фото және бейне деректер ұсынамыз.
Бұған дейін “Ұлы дала баласы” Республика сарайында 5 күн қатарынан концерт берген. Концерт барысында ол өзінің жары Толқынға арнап өзі ән жазғанын да халыққа жеткізген болатын. Сонымен қатар әншінің үйлену тойы отандық арналардың бірінен тікелей эфирде таратылады деген де ақпарат пайда болып, оны әншінің әріптестері жаппай сынға алған еді.
"Жарыңа деген сенімсіздік немесе бала-шағаңмен далада қалу": Неке шартына қатысты қазақстандықтардың пікірі екіге жарылды
Неке шартында балалар кіммен қалатыны жазылмайды, оны тек сот шешеді