Әріптестері Төреғалидің тойды тікелей эфирден көрсету идеясын сынап тастады

Сейсенбі, 17 Қазан , 2017 13:29

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

“Прямой эфир, анау әдемі безендірілген пресс-стена дейді. Соның жанында көрсетіп, сол айтатын сөздері, прямой эфирге шығады деген мақсаттарымыз бар. Шығу керек негізі”, – дейді Төреғалидің музыкалық продюсері Жан Мұқанов.

Иә, Төрештің тойында тартымды шоу жасауды жоспарлаған продюсер Жан Мұқанов, бұл ақпаратты растап отыр. Алайда, жеке өмірін тікелей эфир арқылы дүйім жұртқа жария қылған Ұлы дала баласының бұл қадамына, өнердегі  кей әріптестері наразылық танытуда.

“Тікелей эфирде көрсету мен оны артық дүние деп ойлаймын. Сондықтан, әр нәрсенің өзінің орыны болуы керек. Ол бір мемлекеттік дәрежелі дүние болсын тікелей эфир болса болатын еді. Бұл әр адамның жеке өмірі”, – дейді Дастан Оразбеков.

“Жеке өмір, жеке өмір болып қалу керек негізі. Ол дұрыс айтады. Өзін пиар ету үшін, үйленіп жатқанын, ажырасып жатқанын шақырып көрсетемін десе, әркім өзінің қалауы бойынша жасайды бұл жерде”, – дейді әнші Шахизада.

“Бірақ, маған егерде тікелей эфирден тойыңды көрсетейік десе мен бас тартатын едім”, – дейді Мөлдір Әуелбекова.

Кез-келген қызу тылқыдағы тақырыпты біреудің даттауы, енді біреудің  жақтауы заңдылық! Сондықтан, 25 жасын «айхайлатып» өткізген Төрештің тойын тікелей эфирден көргісі келетін жұлдыздар да жоқ емес!

“Мейрамбек, Сәкенге 25 жасында осындай мүмкіндік бергенде, олар да тойларын тікелей эфирде көрсеткен болар ма еді деп ойлаймын”, – деді Гүлнұр Оразымбетова.

“Жиырма бесінде жарқыратып, 5 концерттен кейін, өзінің тойын бір жасап жіберу де жарасымды болып тұр”, – деді Қыдырәлі Болманов.

Жіберіп алмаңыз:

Төреғали жары Толқынға арнаған әнді өзі жазғанын айтып мақтанды

Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов үшінші рет әке атанды

Төреғали мен Қайнар Алагөзов танымал журналистпен дауласып қалды

Тәуекел Мүсілім “продюсерімен көңіл қосты” деп сынағандарға жауап берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар