Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали мен Ернар Айдар жеке кештерін фонограммамен өткізіп, елді алдаған

Тірі дауыс немессе фонограмма! Осы жылы ел алдында есеп берген әншілердің қайсысы тыңдарманы алдында шынайы өнер көрсетті? Ал, жарнамасын жарқыратып залды лық толтырған соң, халықтан қулығын асырғандар кімдер? Биылғы өткен концерттерге шолу жасап көрейік.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

«Ай-хай 25» деп, Алатау баурайында 5 күн шоу жасап, Төреғали әріптестері арасында рекорд орнатқан еді. Төрәлінің ұлы 4 кезеңнен тұратын концерттің, соңғы бөлігін ғана, «Ұлытау» тобының сүйемелдеуімен жанды дауыста орындап шықты.

Ұлттық нақыштағы жобаларды жанына жиған Алашұлы да биыл ел алдында есеп берді. Толықтай жанды дауыста өткен кешке, этно-топ жігіттері бір ғана сахналық костюм тіктірген.

Қара бала да фонограмаға бауыр басқандардың қатарынан емес! Кәсіби сахнадағы 10 жылдығын атап өткен суперстарлық сері, мерейтойында керісінше образдарына көбірек қаржы жұмсаған.

Ал, Ернар Айдар жанды дауыстағы кеш беруге әлі әзір емес. Әнші жігіттің 5 жылдық мерейтойы 100 пайыз фонограммамен өтті. Жол апатынан кейін халықпен алғаш рет қауышқан өнер иесі, сахнаға қайта оралғанына қуанышты.

1987-ші жылы өнер әлеміне қадам басқан Бесбаев та, биыл сахнадағы 30 жылдығын атап өтті.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Жұлдыздар ұстанатын жаңа жылдық дәстүрлер қандай?

Ләйлә Сұлтанқызы “Хабар” арнасынан кетті

Роза Әлқожа танылған соң елді менсінбей кететін әншілер туралы айтты

Ұлттық нақышта киініп, қазақи ән салған Айдана Меденова тыңдарманын таңғалдырды (видео)

Талқылау