Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғалидің жары Толқынға арнаған әні қалың көрерменді жылатты (фото, видео)

Күні кеше Төреғали Төреәлі Алматыда жоспарлаған 5 күндік концертінің алғашқысын абыроймен атқарды. Тыңдарманды зәулім сарайға толтырған Төреш шығармашылық кешінде жүргізушілікті өзі тізгіндеп, халықпен сұхбаттасып, емін-еркін форматта өткізуді жөн деп шешкен. Шоу-концертті тамашалап қайтқан Stan.kz тілшісі аталмыш кештегі эксклюзивті материалды назарларыңызға ұсынады.

Жоба авторлары #Айхай25 деп аталатын концерттік бағдарламаға 25 тректі тоғыстырған. Осы уақытқа дейін тек БАҚ өкілдерімен жүздесіп, жұбайы жайлы азды-кем ақпарат берген Төреағали, бұл кеште бір басының екеу болғанын айтып, дүйім жұрттан сүйінші сұрады. Сонымен қатар, жұбайына арнап жазған жаңа әннің тұсауын кесті.

«Құрметті ағайын, сүйінші! Мен қазақ қызға үйлендім! Сұрасаңыздар айтайын, таңдаған жарым Ұлы жүзден, Албанның қызы. Есімі Толқын. Бүгінгі кеште өзімнің өмірлік жұбайыма арнап су жаңа әннің тұсауын кескелі тұрмын. Ол ән «Толқын» деп аталады», – деп қос қызының анасына ән арнаған Төреғали тыңдарманға тың тректі тарту етті.  

Ал, Гүлнұр Оразымбетова 5 күн қатарынан концерт беруді жоспарлап отырған Төрештің бұл қадамын батылдыққа балап отыр. Өзі мұндай кешті өткізуге жүрексінетінін де жасырмады. Ал, Төреағалидың ширақтығын осыдан 17 жыл бұрын Байқоңырға барған әнсапарда байқағанын айтады.

«Сол кезде басында шаш жоқ, 8 жастағы тақырбас бала болатын! Төреғали концертке келіп бізбен суретке түсіп жүр. Фотолар менде де, Төреағалидің үйінде де бар. Сол концертте «Қорқыт-қобыз» әнін айтқан кезде, жақындап осы әнді тыңдап, қосыла шырқап тұрғаны әлі есімде.  Сол кезде бұл баланың пысықтығын байқағанмын», – дейді өткен шақты еске алған Гүлнұр Оразымбетова.

Төреғалиды қолдауда өзге әріптестері де қол қусырып отырған жоқ! Мәселен, Тамара Асар Төрештің концертіне салмағы 2,5 келі тартатын бірнеше самаурындарды арнайы бас қаладан ала келгенін айтады.

«Біз Астанадан 8 самаурынды алып келдік. Негізі басында 16 самаурынды алып келеміз деп ойлағанмын. Оларды бір күнде әкелу мүмкін емес болды да, одан кейін 10-ға түсті, одан кейін 8 әкелдік. Төреғалидың отбасында самаурын әрдайым қайнап тұрсын деген ниетпен ырымдап сахнаға алып шықтым», – дейді Тамара Асар. 

Естеріңізге сала кетсек, «Ұлы дала баласының» Алатау баурайындағы ән кеші қазанның 14-ші жұлдызына дейін жалғасатын болады. Ал, осы айдың 17-сі күні Төреғали мен жұбайы Толқынның дүбірлі тойы, Алматыдағы ең қымбат мейрамханалардың бірінде өтеді.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Асылхан Төлепов шаңырақ көтерді (фото, видео)

Қайрат Нұртас: Жұлдызды көрсеткен соң, елдің бәрі әйелдерін көрсете бастады (фото)

Төреғали Төреәлі қанша баланың әкесі екенін айтты

Гүлзира Айдарбекова келінімен бірге қыз ұзатты (видео)

Қайраттың әкесі: Мен келінімді төбеме көтердім, өз балаларымды да олай ұстаған емеспін

Талқылау