"Төр – сенікі": Ләйлә Сұлтанқызының ұлы Нидерландыдан оралды
Танымал продюсер, журналист Ләйлә Сұлтанқызының ұлы Сағадат шетелдегі оқуын аяқтап, елге оралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/
Тележурналисттің ұлы Сағадат шетелге оқуға кеткен болатын.
“Бүгін төр сенікі, балам! Үш ай жырақта жүріп, есейгені кәдімгідей байқалады. Екінші – Қайрат. Әкесінен дарыған мінезі ме деп қоямын, 17 шаршы метр жатақханасының бөлмесін айнадай қылып, тамағын өзі дайындап, таза киініп жүргені ұқсайды. Бастысы – адам болсын, адал болсын! Сағадат оқудан демалысқа келіп, көзайым болып жатқан жайымыз бар”, – деп жазды журналист.
-
"Ұлдарым "қыз асырап алайық" дейді": Ләйлә Сұлтанқызы тағы да балалы болуға қарсы емес екенін айтты
-
"Көңіліме қаяу түскелі – 2 жыл": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасын есіне алды
Еске салайық, медиа маманы ұлының мамандық таңдауын өз еркіне қалдырғанын да жазған едік.
“Сағадат осы саланы таңдаймын дегенде қарсы болмадым. Мамандық таңдауға келгенде жүрек қалауына қалдырдым. Бағыттап, жол көрсетпедім. Бағыт-бағдар бермедім. Өзінің шешіміне қалдырдым. Мамандық таңдау бойынша ата-аналарға да осы кеңесті беремін. Бала не қалайтынын, қандай саланы оқығысы келетінін өзі айтуы керек”, – деді медиа маманы.
Бұған дейін, "Әкем өмірден өткен күні ересек адамға айналдым" деген Ләйлә Сұлтанқызының ұлдары алғаш рет әкелерін есіне алған еді.