Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Өзбекстанға барып Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізеді

Фото: Ақорда 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға барып Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақорданың мәліметінше президенттің Бұхара қаласына сапары 11 сәуірге белгіленген. 

“Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді.

Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр”, – делінген хабарламада. 

STAN.KZ
Жұма, 10 Сәуір, 2026 16:07