Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Halyk Bank 2025 жылдың үздік жұмыс берушісі мәртебесіне ие болды

Халық

Halyk Bank халықаралық Top Employers Institute ұйымының бағалау нәтижесі бойынша Қазақстандағы 2025 жылдың үздік жұмыс берушісі (Top Employer) мәртебесіне ие болды. Банк бұл атаққа ие болған тұңғыш қазақстандық бренд. Ол HR тәжірибелерінің жоғары деңгейін көрсетіп, адами капиталды басқару саласындағы бірқатар негізгі көрсеткіштер бойынша жаһандық межелерден асып түсті.

Бұл сертификатты 1991 жылы Нидерландыда құрылған Top Employers Institute атты тәуелсіз халықаралық ұйым береді. Институт компаниялардың HR үдерістеріне терең аудит жүргізіп, “Үздік жұмыс беруші” мәртебесін алты негізгі HR көрсеткіші мен 600-ден астам өлшем негізінде тағайындайды. Бұл санатқа: көшбасшылықты дамыту, таланттарды басқару, мансапты жоспарлау, қызметкерлердің іске тартылуы, өтемақы мен жеңілдіктер, корпоративтік мәдениет пен орта кіреді.

"Top Employer мәртебесін алып, қызметкерлерді басқарудың негізгі бағыттары бойынша жаһандық стандарттардан асып түсуіміз арқылы біз заман талаптарына сай, сапалы әрі стратегиялық тұрғыдан дұрыс әдістерді қолданып келе жатқанымызды дәлелдедік. Бұл – құндылықтардың тұтас жүйесін қалыптастыру мен қызметкерлерді дамытуға бағытталған көпжылдық және жүйелі еңбектің нәтижесі", – деді Halyk Bank Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова.

Бағалау 20-дан астам тақырыпты қамтитын HR Best Practices Survey атты халықаралық зерттеу негізінде жүргізілді. Оның ішінде ұйымдық мәдениет, инклюзия жобалары, бейімделу, оқыту және тұрақты даму сияқты бағыттар бар.

"Үздіксіз өзгерістер болып жатқан кезде, адамдарды өз стратегиясының басты бөлігі етіп қоятын ұйымдарды көру шабыт береді. 2025 жылғы Top Employers бағдарламасы Halyk Bank сияқты жұмыс берушілердің HR саласындағы жоғары стандартта адал екенін көрсетеді. Біз еңбек әлемін жақсартуға үлес қосып жатқан осы көшбасшыларды мақтанышпен айтамыз", – деді Top Employers Institute бас директоры Дэвид Плинк.

2025 жылы Top Employer мәртебесі 125 ел мен аймақтың ұйымдарына берілді. Бұл компаниялар еңбек жағдайын жақсартып, адамдардың өмір сапасына оң әсер етіп келеді.

"Біз Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс істейтін 14 мыңнан астам қызметкерімізді үнемі дамытудамыз. Олардың әл-ауқатына инвестиция салып, оларды жігерлендіретін заманауи саясатты ұстанамыз. Біздің командамыз шабыттандыратын, кәсіби әрі тұрақты ортада қарқынды дамып, жоғары нәтижелер көрсетуде", – деп қосты Halyk Bank Қызметкерлерді басқару департаментінің директоры Индира Аширова.

Halyk Bank туралы

Halyk Bank – Қазақстандағы 100 жылдан астам тарихы бар ең ірі әмбебап қаржы ұйымы. Банк жеке және корпоративтік клиенттерге ауқымды қаржылық қызметтер көрсетеді. Сонымен қатар тұрақтылыққа, қызметкерлердің тартылуына және олардың әлеуетін ашуға бағытталған корпоративтік мәдениетті жүйелі түрде дамытып келеді. Бүгінде Қазақстанның барлық өңірлерінде банк құрамында 14 мыңнан астам қызметкер еңбек етеді.

Top Employers Institute туралы

Top Employers Institute – HR-стратегияларды бағалау саласындағы жетекші халықаралық ұйым. Сертификациялық бағдарламалар мен талдамалық құралдар арқылы институт компанияларға қызметкерлерді басқару тәжірибесін жетілдіруге, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және тиімді еңбек ортасын қалыптастыруға қолдау көрсетеді.

STAN.KZ
Жұма, 25 Шілде, 2025 16:16
Талқылау