Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Төмен бағада ет сатады": Қостанайда WhatsApр арқылы алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Қостанайда алаяқтар шикі ет пен тартылған етті төмен бағада ұсынып, қала тұрғындарын алдаудың жаңа схемасын қолдана бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Полицияға жергілікті тұрғын алаяқтық фактісі туралы хабарлады. Ол 21 қазанда WhatsApр-та ет сататындардың хабарландырулары бар топқа кірген.

Оған топты құрған адам әзірге тартылған ет жоқ екенін айтқан. Кейінірек бейтаныс нөмірден біреу тартылған етті топта ұсынылғаннан да төмен бағамен сататынын жазған. Қыз көрсетілген нөмірге 13 мың теңге жіберген, бірақ етін ала алмады.

Ақша жоғалғаннан кейін жәбірленуші полицияға жүгінуге шешім қабылдады. Осы факті бойынша ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Қостанай облысының ПД өңір тұрғындарына қырағы болуға және күмәнді хабарламаларға сенбеуге кеңес берді.

Талқылау