Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқтар мен Бейбіт төртінші перзентін күтіп жүр (фото)

Елдің сүйіктілері Тоқтар мен Бейбіттің отбасында қуанышты хабар. Жұлдызды жұп үш ұлдан кейін тағы бір перзентін күтіп жүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Тоқтар мен Бейбіт төртінші перзентін күтіп жүр

Желі қолданушылары Бейбіттің аяғы ауыр екенін байқап, оның қызды болуын тіледі.

“Бейбіт ханымның аяғы ауыр екені көрініп тұр”, – деп жазады Аида Нашинова есімді желі қолданушысы.

“Қыз туыңыз”, – деп тілек білдірді Самал есімді оқырман.

Тоқтар мен Бейбіт төртінші перзентін күтіп жүр

Ал Тоқтар Серіков 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында бұл жаңалығын растады.

Айта кетейік, 2007 жылы шаңырақ көтерген жұлдызды жұптың Беколжас, Әлинұр және Сағинұр есімді үш атұстары бар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау