Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Токио Олимпиадасының жүлдегері Нұрислам Санаевқа пәтер сыйға берілді

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Нұрислам Санаевқа Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин пәтер кілтін табыс етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оразалин

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин бүгін Токиода өткен жазғы Олимпиада ойындарынан оралған ақтөбелік спортшылармен және олардың жаттықтырушыларымен кездесті. Олимпиаданың қола жүлдегері Нұрислам Санаевқа екі бөлмелі пәтер кілтін сыйлады. Олимпиада ойындарына қатысқан балуан Мейрамбек Айнағұловқа, суда жүзуші Диана Назароваға, сонымен қатар спортшылардың жаттықтырушыларына өңір басшысы бағалы сыйлықтар табыстады.

"Сіздер – еліміздің мақтанышысыздар. Жас ұрпаққа салауатты өмір салты мен спортты дәріптеуде үлгі бола отыра баға жетпес үлес қосасыздар. Адал әрі аянбай күрескендеріңіз үшін, батылдықтарыңыз бен отансүйгіштіктеріңізге шын жүректен алғыс айтамын", – деді Оңдасын Оразалин.

Олимпиадаға қатысушылар облыс басшылығына кәсіби спортты қолдағаны үшін алғыс айтып, жоспарларымен бөлісті.

"Қолдағаны үшін халқыма шексіз ризамын. Жерлестерімнің қалай қарсы алғандарын көріп, Олимпиада жүлдегері болғанымды анық сезіндім. Отандастарымды Парижде өтетін Олимпиадада алтын алқамен қуанту үшін бұдан да көп дайындалатын боламын", – деді Нұрислам Санаев.

Айта кетейік, палуан Юсуп Батырмырзаев пен каратэші Нұрқанат Әжіқанов, сонымен қатар Токиодағы Олимпиада ойындарында Ақтөбе облысы атынан шыққан басқа да спортшылар туған жерге 11 тамызда оралады. Сонымен бірге суда жүзуші Виталий Худяков Ыстықкөл жанында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына кірісіп те кеткен.

Еске салсақ, бұған дейін Нұрислам Санаевқа жаңа BMW көлігінің кілті табысталғаны айтылған еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр