Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жыл соңына дейін 99,3% халық сапалы интернетпен қамтылсын - Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке жыл соңына дейін 250 мыңнан астам тұрғыны бар ауылдарды интернетпен қамтуды тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Үкіметке жыл соңына дейін 250 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл халқымыздың 99,3 пайызын қамтиды", - дейді Тоқаев.

Тоқаев қашықтан оқыту әдісіне көшу интернет сапасына қатысты күрделі мәселелердің бар екенін көрсеткенін ашып айтты.

"Қашықтан оқыту әдісіне көшу ісі инфрақұрылым мен интернет сапасына қатысты елеулі мәселелердің бар екенін көрсетті. Мұғалімдердің 20 пайыздан астамы үйлерінде толыққанды интернет пен компьютер жоқ болғандықтан, қашықтан тиімді оқыта алмады", - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Талқылау